You are on an old version of the site. To move to the new version of the site, click here

«Formula Student» ғылыми-техникалық үйірмесі  

«Formula Student»  ғылыми-техникалық үйірмесінің мақсаты: 

Formula Student – SAE (Society of Automotive Engineers –  Автокөлік инженерлерінің  қоғамдастығы) негізделген халықаралық білім беру жобасы. Оның мақсаты студенттердің  инженерлік ойлау қабілетін қалыптастыру және шығармашылық тапсырмаларды шешуге дайын мамандарды тәрбиелеу болып табылады. Осыған орай, берілген ғылыми-техникалық үйірменің мақсаты:  жарыс болидін жасау бойынша нақты жобада  студенттерге  жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін беру, сонымен қатар топ арасында жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, стандартты емес тапсырмаларды шешу,  бәсекелестік жағдайында нәтижелерге қол жеткізу, концепциядан дайын өнімге дейінгі өндірістің толық циклін  меңгеру.

Міндеті:

Студенттік инженерлік жарыстар сериясына кіретін (Collegiate Design Series, SAE) жарыс ұйымдастырушыларының ойластыруы бойынша университтетің студенттер командасы инженерлік компания болып табылады. Ол кәсіби емес жарыс автокөліктер нарығы үшін Formula санатындағы автокөлік прототипін жасап, құрастырып және сынақтан өткізулері тиіс. Осыған орай,  команда үшін негізгі міндет және сынама жасау әлемнің 13 елдерінің (Англия, Германия, АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Италия, Чех республикасы және т.б.) бірінде ұйымдастырылатын жарыстың барлық пәндерінен сәтті өте алатын болидті құрастырып шығу. Автомобиль арнайы ережелерге сай құрылуы тиіс, оның мақсаты «тректегі» (жарыс машиналары студенттермен басқарылады) қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар құрастыру кезінде туындайтын мәселелердің шешімін табуға көмектесу. Бұл ретте, команда барлық құрылымдық құжаттарды жобаға ұсынып, қолданылатын техникалық шешімдер тиімді болып табылатынын дәлелдеуі қажет.

Үйірменің ғылыми жетекшілері: В.Н. Хлынов аға оқытушы, А.Б. Баянов ассистент, А. Сарсенқызы ассистент.