Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Әскери есеп

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу олардың тұрғылықты немесе уақытша болатын жері бойынша (үш айдан астам мерзімге) жүзеге асырылады.

********************************************

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қабылданғаннан кейін өзге қаладан келген студенттер әскери есептен тұрғылықты жері бойынша әскери комиссариаттан шығуы қажет. Студент жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке тұруға міндетті. Ол үшін басқа қаладан келген студенттер 6 айдан кем емес мерзімге Нұр -Сұлтан қаласына уақытша тіркелуге міндетті. Жатақханадан орын алған студенттер №4 отбасылық жатақхананың комендантында тіркелуге міндетті.

**********************************************

Нұр-Сұлтан қаласында уақытша тіркеуге тұрғаннан кейін студент әскери есепке тұру үшін қалалық ХҚКО- на (халыққа қызмет көрсету орталығы) жүгінуге міндетті.

Өзімен бірге келесі құжаттар болуы керек:

  • тіркеу куәлігі (түпнұсқа);
  • жеке куәлік (түпнұсқа).

**********************************************

Тіркеу куәлігінде әскери комиссариаттың мөрі бар студенттер міндетті түрде БАҚКО (№8 жатақхана) 104 каб. № 11 терезеге жүгінеді.

**********************************************

Барлық ер жынысындағы студенттерге міндетті түрде 1 қарашаға дейін әскери есепке тұру керек.  Әскери есепке тұрмаған студенттерге қатысты емтихан сессиясына кіргізбеуге дейін шаралар қабылданады.

**********************************************

Әскери есепке алынған барлық студенттерге әскерден кейінге шегерілу үшін №3 нысандағы анықтама беріледі. №3 анықтама QR кодпен білім алушыға "Platonus"ААЖ жеке кабинеті арқылы өтінім бергеннен кейін беріледі.

Қашықтықтан оқыту технологиясы кезінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын студенттер жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сәйкес әскери есепке тұрады.

Университет қабырғасында оқуға рұқсат берілген күннен бастап, басқа қалалардан келген студенттер 6 айдан кем емес мерзіммен Нұр-Сұлтан қаласында уақытша жазылуға, қалалық ХҚКО арқылы әскери есепке тұруға және С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-ің БАҚКО-ға келуге міндетті.

*********************************************** 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша әскери есеп жөніндегі маман Қайыржанова Кульдары Сәкенқызына хабарласуға болады (БАҚКО, 104 каб., тел. 39-73-78).