Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Академиялық демалыстан шығуға өтініш беру

Академиялық демалыстан шыққаннан кейін білім алушы өтініш береді және келесі құжаттардың бірін ұсынады:
- дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.  ДКК-ның анықтамасына университеттің студенттік емханасы қол қою керек. Студенттік емхананың визасынсыз өтініш қабылданбайды.
- ҚР ҚК демобилизациялануы туралы анықтама;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі. 
Толық талаптар С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген, сілтеме https://kazatu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/
 
Қадамдық әрекеттер:
  1. Білім алушы БАҚКО-на факультеттің Е-mail адресіне немесе "Platonus"ААЖ бойынша сканерленген өтініші мен құжаттарды жібереді. Құжаттардың түпнұсқаларын білім алушы БАҚКО–на тапсыруға қажет.
  2. БАҚКО қызметкер пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін «АРТА» ААЖ бойынша білім алушының өтінішін эдвайзерге (кафедра меңгерушісіне) жолдайды.  Білім алушы пәндер айырмашылықтары бойынша, пәндерді тіркеу және оған ААЖ-не кіруге логин мен пароль беру жөнінде эдвайзерге жүгінуге міндетті.
  3. Академиялық демалыстан шығу туралы бұйрық шыққаннан кейін БАҚКО қызметкер білім алушыға қызмет нәтижелері туралы ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық мекенжайына хабарлайды
  4. Қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні. 
 
Академиялық демалыстан оралған кезде білім алушы осы демалысты рәсімдеген курстан және академиялық кезеңнен бастап оқуын жалғастырады.
Академиялық демалыстан оралған білім алушы пәндер бойынша айырмашылықты тегін тапсырады.
 Білім алушы БАҚКО-да білім беру қызметін көрсету туралы шартына қосымша келісім жасасуға міндетті.