Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Академиялық демалысты рәсімдеуге өтініш беру

Талаптар: Академиялық демалыс білім алушыларға келесі негіздемелерде беріледі:
- науқастығы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы бойынша;
- әскери қызметке шақыру қағазы болған жағдайда;
- бала туу, баланы асырап алу жағдайында бала үш жасқа толғанға дейінгі жағдайда;
Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы өтініші береді және келесі құжаттардың бірін ұсынады:
- дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.  ДКК-ның анықтамасына университеттің студенттік емханасы қол қою керек. Студенттік емхананың визасынсыз өтініш қабылданбайды.  Жүктілік бойынша ДКК анықтамасы берілген жағдайда, БАҚКО қызметкер ДКК анықтамасында денсаулығына байланысты академиялық демалыс берілуі туралы, сонымен қатар академиялық демалыс мерзімі туралы ұсыным бойынша жазбаның бар-жоғын тексеруге міндетті;
- әскери қызметке шақыру кезеңінде ҚР ҚК қатарына шақыру қағазы;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі. 
Толық талаптар С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген, сілтеме https://kazatu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/
 
Қадамдық әрекеттер:
  1. Білім алушы БАҚКО-на факультеттің Е-mailадресіне немесе "Platonus"ААЖбойынша сканерленген өтініші мен құжаттарды жібереді. Құжаттардың түпнұсқаларын білім алушы БАҚКО–на тапсыруға қажет.
  2. Қызметті көрсету уақыты – 3 жұмыс күні.
  3. Академиялық демалысқа шығу туралы бұйрық шыққаннан кейін БАҚКО қызметкер білім алушыға қызмет нәтижелері туралы ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық мекенжайына хабарлайды.