Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Ай сайынғы төлемге өтініш беру

Басқарма төрағасының шешімі бойынша жағдайының растайтын құжаттарының көшірмесі болған жағдайда білім алушылардың келесі санаттарына оқу ақысын ай сайын төлеуге рұқсат беріледі:
 
  1. Жетімдер;
  2. Толық емес отбасынан шыққан білім алушылар (асыраушысынан айырылған жағдайда);
  3. Көп балалы отбасынан шыққан білім алушылар;
  4. Бір отбасынан шыққан 2 және одан да көп білім алушылар. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де оқыса;
  5. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ қызметкерлерінің балалары;
  6. Магистратура мен докторантурада оқитын білім алушылар;
  7. Мүгедек балалар;
  8. Ата-аналары мүгедек болған жағдайда;
  9. Аз қамтылған отбасы балалары;
  10. Қаржылық қиындықтары бар отбасы (ата-анасы жұмыссыз екенін жұмыссыздықты бақылау өкілетті ұйымнан растаушы құжаты болған жағдайда).
 
Қыркүйек айына алғашқы төлемді білім алушы 25 тамызға дейін жүзеге асырады. Төлемнің соңғы айы - Мамыр.
 
Білім алушы ай сайынғы төлемді уақытында төлемеген жағдайда, 25-күнінен кешіктірмей білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрық жобасын жасау қажет. Білім алушыны оқудан шығару күні алдағы айдың 1-күні.
 
Құжаттар пакеті:
- өтініш;
- отбасы мәртебесін анықтайтын құжаттардың көшірмелері;
- бакалавр-студенттің туу туралы куәлігінің көшірмесі. 
 
Қадамдық іс-әрекеттер:
  1. Білім алушы БАҚКО-на факультеттің Е-mail адресіне немесе "Platonus"ААЖ бойынша сканерленген өтініші мен құжаттарды жібереді.
  2. БАҚКО қызметкер білім алушының өтініші мен құжаттар көшірмесін "АРТА" ААЖ бойынша келісуге жібереді.
  3. Бөліп төлеу туралы бұйрықтың жобасына төлемнің сомасы мен енгізілген күні көрсетіле отырып, төлемдердің қосымша - кестесі қоса беріледі.
  4. Бекітілген мерзімде оқу ақысын төлемеген жағдайда факультет деканы білім алушыны, кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасын оқу ақысына қарыз екендігі әрі шарт ережесін бұзғаны жайлы хабарлайды.
  5. Бөліп төлеуге бұйрықтың көшірмесі және төлем кестесінің көшірмесі білім алушыға электронды поштаға, өтініште және/немесе "Platonus" ААЖ жүйесінде, сондай-ақ деканатта көрсетілген поштаға жіберіледі және ЖОО басшылығына білім алушыны оқудан шығаруға арналған қызметтік жазбаны жолдайды.
  6. Берешек туралы ақпарат апта сайын жаңартылып, деканаттарға жіберіледі..
  7. Қызмет көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні.