Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Басқа ЖОО-на ауысуға өтініш беру

Ауысу талаптары:
Басқа ЖОО-на ауысатын білім алушыларды жазғы және қысқы каникул кезеңінде жүзеге асырылады.
Білім алушылар, егер жеке оқу жоспарына (бірінші триместр) сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, ауыса алады.
Білім алушының ауысуға өтініші БАҚКО-на қысқы және жазғы каникул кезінде айдың 1-нен 25-не дейін қабылданады.
Ауысу бойынша толық талаптар С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген, келесі сілтеме бойынша өтіп таныссаңыз болады https://kazatu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/
 
Құжаттар пакеті: мөрмен бекітілген өтініштің түпнұсқасы (ауыстыруға рұқсат); транскрипттің түпнұсқасы; келесі құжаттардың көшірмелері: жеке куәлік; ҰБТ сертификаты; грант туралы куәлік (егер білім алушы грант негізінде білім алса); аттестат қосымшасымен/диплом қосымшасымен; жоғары оқу орнының және білім беру бағдарламасының лицензиясы.
 
Қадамдық іс-әрекеттер:
1.Білім алушы басқа ЖОО-на ауысу бойынша өтініш түпнұсқасын БАҚКО-на пошта арқылы ЖОО мекен-жайына жібереді: 010011, Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғ, 62, Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы, немесе БАҚКО өзі келіп жүгінеді.
  1. БАҚКО қызметкер тінішті ЖОО басшылығына қол қоюға жолдайды.
  2. БАҚКО қызметкер білім алушының жоғарыда көрсетілген құжаттар пакетін дайындайды.
  3. Білім алушының университет алдында қарызы болмауы керек (кітапхана, жатақхана, кафедра және т.б.). Ол үшін білім алушы кету парағына өтініш береді.
  4. Ауысуға рұқсат берілген жағдайда білім алушыға өтініштің түпнұсқасы мен құжаттар пакеті қолма-қол беріледі немесе құжаттарды Қазпошта арқылы білім алушының мекен-жайына жібереді.
  5. Қабылдаушы ЖОО үш күн ішінде білім алушының жеке ісін жіберуге сұраныс жіберуге міндетті.
  6. Сұранысты алғаннан кейін БАҚКО қызметкер басқа ЖОО-на ауысу туралы бұйрық жобасын ЖОО басшылығына бекітуіне дайындайды.
  7. Оң келісілгеннен кейін жеке іс қабылдаушы ЖОО-на пошта арқылы жіберіледі.
  8. Қызмет көрсету мерзімі-3 жұмыс күні.