Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Басқа ЖОО-нан ауыстыруға өтініш беру

Ауыстыру талаптары:
Басқа ЖОО-нан ауысатын білім алушыларды жазғы және қысқы каникул кезеңінде жүзеге асырылады.
Білім алушылар жеке оқу жоспарына (бірінші триместр) сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаған жағдайда ғана ауыса алады.
Білім алушының ауыстыру туралы өтініші БАҚКО-да қысқы және жазғы каникул кезінде айдың 1-нен 25-не дейін қабылданады.
Ауыстыру бойынша толық талаптар С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген, https://kazatu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/ сілтемесі арқылы өтіп таныса аласыз.
 
Құжаттар пакеті: мөр басылған басқа ұйымнан өтініштің түпнұсқасы (ауыстыруға рұқсат); транскрипттің түпнұсқасы; келесі құжаттардың көшірмелері: жеке куәлік; ҰБТ сертификаты; грант туралы куәлік (егер білім алушы грант иегері болып табылса); аттестат қосымшасымен/диплом қосымшасымен; жоғары оқу орнының және білім беру бағдарламасының лицензиясы. 
 
Қадамдық әрекеттер:
  1. Басқа ЖОО білім алушысы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Басқарма төрағасының академиялық қызмет жөніндегі орынбасары-Ректор атына жазылған сканерленген өтінішті және ауыстыру құжаттары пакетін ЖОО-ның электрондық мекенжайына жібереді office@kazatu.kz. Білім алушы өтініш пен түпнұсқа құжаттар пакеттің БАҚКО-на  тапсыруға қажет.
  2. БАҚКО маманы пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін эдвайзерге (кафедра меңгерушісіне) «АРТА» ААЖ бойынша білім алушының өтініші мен транскрипт жібереді. Білім алушы пәндер айырмашылықтары бойынша, пәндерді тіркеу және оған ААЖ-не кіруге логин мен пароль беру жөнінде эдвайзерге жүгінуге міндетті (эдвайзердің контактілерін БАҚКО қызметкер береді).
  3. Пән бойынша айырмашылық анықталған соң құжат топтамасы, өтініші мен төлегені туралы түбіртегі, сонымен қатар білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық жобасы сканерленген күйде «ARTA» желісі арқылы ЖОО басшылығына бекіту үшін электрондық түрде жіберіледі.
  4. Ауыстыру бұйрығы шыққаннан кейін БАҚКО қызметкер білім алушыға қызмет нәтижелері туралы ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық мекенжайына хабарлайды.
  5. Қызметті көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні. 
Білім алушы БАҚКО-да білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасасуға міндетті.