Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Электронды өтінішті тіркеу тәртібі

1-қадам, университеттің ресми сайтынан «portal.kazatu.kz порталын ашыңыз.

2-қадам, тышқанды «Ақпараттық жүйелер» мәзіріне әкеліңіз және  АИС «Жатақхана» тармағына басыңыз.

3-қадам, жоғарғы жақтың оң жақ бұрышындағы «Тіркеу» батырмасын немесе «Тіркелу» сөзін  («НАЗАР  АУДАРЫҢЫЗ»  деген сөздің астындағы батырманы) басыңыз.

4-қадам, электронды мекенжайыңыз бен құпия сөзіңізді және суретте көрсетілген кодты енгізіңіз, әрі қарай «Тіркелу» батырмасын басыңыз. Мониторда сәтті тіркелгені туралы және «Басты мәзірге өту» деген хабарлама пайда болады.

5-қадам, жоғарғы жақтың оң жақ бұрышындағы логин және құпия сөзіңізді енгізіңіз және «КІРУ» батырмасын басыңыз.

6-қадам, мәзірдің сол жағынан «Жатақханаға  кезекке тұру» тармағын тауып, батырманы басыңыз.

7-қадам, экранда көрсетілген «Өтініш беру» батырмасын басыңыз.

8-қадам, енді толтыру қажет жолдар пайда болады. Барлық жолдарды толтырып  (А.Ж.Т., мекенжайы, факультет пен әлеуметтік санатты таңдайсыз), «Өтініш құру» батырмасын басыңыз.

9-қадам, әрі қарай сканерленген құжаттарды керек жолдарға енгізесіз. «+» батырмасын басқанда, қажетті жолдан «Құжатты таңдау» батырмасын тауып,  JPG  форматтағы сканерленген құжаттарды іздеп, енгізесіз (міндетті 1-жолға жеке куәлік, 2-жолға грант иегері сертификатының көшірмесі). Егер сіз қандайда бір әлеуметтік санатқа жататын болсаңыз, міндетті түрде «Растайтын құжат» жолына әлеуметтік жағдайыңызға байланысты анықтамаларды енгізесіз. Әрбір жолдағы жүктелген құжаттарды сақтау үшін, «Сақтау» батырмасын басып, жүктеудің соңына дейін күтесіз. Барлығы сақталғаннан кейін, «Кезекке жіберу» батырмасын басасыз. 

Жауабын осы сайттан тексере аласыз.