Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Дипломдардың және оларға қосымшалардың телнұсқаларына өтініш беру үшін бұрынғы түлектер өзі тұратын қаланың жақын маңдағы ХҚКО-на немесе электрондық үкімет порталына жүгінеді  https://egov.kz/cms/kk/online-services/for_citizen/pass-mon212-214
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін білім беру ұйымына өз бетінше жүгінуі қажет.
 
Құжаттар пакеті:
  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • жеке мәліметтері өзгерген жағдайда: неке қию туралы куәлік көшірмесі;
  • диплом мен қосымшасының көшірмесі (болған жағдайда).           
Бұл қызмет түрі мемлекеттік қызмет болып табылады. Қызмет мерзімі-өтініш берген күннен бастап 15 күн.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру ережесі келесі сілтемеде орналастырылған  https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022950.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломның телнұсқасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуын аяқтаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне беріледі.