Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Жол жүру өтемақысын төлеу үшін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығының 6-1 тармағы негізінде қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары «Жол жүру үшін өтемақы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне сәйкес қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүргенін растайтын құжаттар (электрондық билеттер, билеттің көшірмелері) болған кезде төленеді».
 
Қадамдық әрекеттер:
 Білім беру грантында оқитын білім алушы  жол жүру өтемақысын алу үшін:
 
1) өтініш жазу және келесі құжаттарды қоса жіберу:
   - электронды билет / билеттің көшірмесі (тек теміржол және автобус көлігі);
   - отырғызу талоны.
2) өтініштің электрондық нұсқасын және растайтын құжаттарды БАҚКО-ның электрондық мекенжайына жіберу (https://kazatu.edu.kz/ru/coo/kontaktnie-dannie/). Хаттың тақырыбында мыналар көрсетілсін: жеңілдікпен жол жүру_аты-жөні_БББ (білім беру бағдарламасы). Барлық құжаттар, өтініштен бастап, бір файлда сканерленіп және аты-жөнімен қол қойылған болуы керек.
Назар аударыңыз! Өтініштер тек электронды түрде, факультеттердің электронды мекен-жайлары арқылы  немесе "Platonus"ААЖ арқылы қабылданады.
3) өтініш пен құжаттар жазғы  каникулдан кейін 25 қыркүйекке дейін; қысқы каникулдан кейін 25 қаңтарға дейін ұсынылсын. Көрсетілген күннен кейін өтініштер қабылданбайды.
4) Жол жүруге өтемақы беру туралы бұйрық шыққаннан кейін факультет деканы топ кураторларының немесе эдвайзерлердің көмегімен білім алушыға ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық мекенжайына қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.