Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

ЖОО ішінде ауыстыруға өтініш беру

Ауыстыру талаптары:
Білім алушыларды ЖОО ішінде ауыстыру жазғы және қысқы демалыс кезінде оқудың бір түрінен екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір білім беру бағдарламасынан/мамандығынан басқасына ақылы негізде жүзеге асырылады.
Білім алушылар жеке оқу жоспарына (бірінші триместр) сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаған жағдайда ғана ауыса алады.
Білім алушының ауыстыру туралы өтініші БАҚКО-да қысқы және жазғы каникул кезінде айдың 1-нен 25-не дейін қабылданады.
Ауыстыру бойынша толық талаптар С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген, https://kazatu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/ сілтемесі арқылы өтіп таныса аласыз.
            
Құжаттар пакеті:
- өтініш;
- транскрипт (БАҚКО қызметкер береді). 
 
Қадамдық әрекеттер:
1.Білім алушы БАҚКО-на факультеттің Е-mail адресіне немесе "Platonus"ААЖ бойынша сканерленген өтінішті жібереді.
2.БАҚКО қызметкер пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін эдвайзерге (кафедра меңгерушісіне) «АРТА» ААЖ бойынша білім алушының өтініші мен транскрипт жібереді. Білім алушы пәндер айырмашылықтары бойынша, пәндерді тіркеу және оларды тапсыру жөнінде эдвайзерге жүгінуге міндетті.
3.Пән бойынша айырмашылық анықталған соң құжат топтамасы, өтініші мен төлегені туралы түбіртегі, сонымен қатар білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық жобасы сканерленген күйде «ARTA» желісі арқылы ЖОО басшылығына  бекіту үшін электрондық түрде жіберіледі.
4.Ауыстыру бұйрығы шыққаннан кейін БАҚКО қызметкер білім алушыға қызмет нәтижелері туралы ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық мекенжайына хабарлайды.
5.Қызметті көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні. 
 
Білім алушы БАҚКО-да білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасасуға міндетті.