Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Қайта оқу курсына қалдыруға өтініш беру

Қайта оқу курсына қалдыру талаптары:
Білім алушылар келесі жағдайларда қайта оқу курсына қалдырылуы мүмкін:
- төмен ауыстыру балы болған жағдайда (GPA).
 
Жазғы семестрдің нәтижелерін есепке ала отырып, оқу жылының қорытындысы бойынша ауысу балын алмаған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылады.
Оқу ақысы бір кредиттің құны бойынша төленеді.
Білім алушының қайта оқу курсына қалдыруға туралы өтініші БАҚКО-да қысқы және жазғы каникул кезінде айдың 1-нен 25-не дейін қабылданады.
Қайта оқу курсына қалдырылу бойынша толық талаптар С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген, https://kazatu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/ сілтемесі арқылы өтіп таныса аласыз.
 
Құжаттар пакеті:
- өтініш;
- транскрипт (БАҚКО қызметкер береді). 
 
Қадамдық әрекеттер:
  1. Білім алушы БАҚКО-на факультеттің Е-mail адресіне немесе "Platonus"ААЖ бойынша сканерленген өтінішті жібереді.
  2. БАҚКО қызметкер білім алушының өтініші мен транскриптін қайта оқу курсының оқу пәндер тізімдемесін анықтау үшін эдвайзерге (кафедра меңгерушісіне) «АРТА» ААЖ бойынша жібереді. Білім алушы пәндерді тіркеу сұрақтары бойынша эдвайзерге жүгінуге міндетті.
  3. Пән бойынша айырмашылық анықталған соң құжат топтамасы, өтініші мен төлегені туралы түбіртегі, сонымен қатар білім алушыныңкурсты қайта тапсыруы туралы бұйрық жобасы сканерленген күйде «ARTA» желісі арқылы ЖОО басшылығына  бекіту үшін электрондық түрде жіберіледі.
  4. Қайта оқу курсына қалдыру бұйрығы шыққаннан кейін БАҚКО қызметкер білім алушыға қызмет нәтижелері туралы ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық мекенжайына хабарлайды.
  5. Қызметті көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні. 
 
Білім алушы БАҚКО-да білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасасуға міндетті.