Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Қайта оқуға қабылдануға өтініш беру

Қайта оқуға қабылдану талаптары:
Білім алушыларды қайта оқуға қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезінде ақылы негізде жүзеге асырылады.
Білім алушылар жеке оқу жоспарына (бірінші триместр) сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаған жағдайда ғана оқуға қайта қабылдана алады.
Білім алушының оқуға қайта қабылдану туралы өтініші БАҚКО-да қысқы және жазғы каникул кезінде айдың 1-нен 25-не дейін қабылданады.
Оқуға қайта қабылдану бойынша толық талаптар С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген, https://kazatu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/ сілтемесі арқылы өтіп таныса аласыз.
 
Басқа жоғары оқу орындарынан шығарылған білім алушылар үшін:
Құжаттар пакеті: транскрипт; жеке куәлік; ҰБТ сертификаты; аттестат қосымшасымен/ диплом қосымшасымен; ЖОО лицензиясы мен білім бағдарламасының лицензиясы.
 
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нен оқудан шыққан білім алушылар үшін:
Құжаттар пакеті:
- өтініш;
- транскрипт (БАҚКО қызметкер береді). 
 
Қадамдық әрекеттер:
  1. Оқудан шығарылған білім алушы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Басқарма төрағасының академиялық қызмет жөніндегі  орынбасары-Ректор атына жазылған сканерленген өтінішті және қайта оқуға қабылдану құжаттар пакетін ЖОО-ның электрондық мекенжайына жібереді office@kazatu.kz. Білім алушы өтініш пен түпнұсқа құжаттар пакеттің БАҚКО-на  тапсыруға қажет.
  2. БАҚКО қызметкер пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін эдвайзерге (кафедра меңгерушісіне) «АРТА» ААЖ бойынша білім алушының өтініші мен транскрипт жібереді. Білім алушы пәндер айырмашылықтары бойынша, пәндерді тіркеу және оған ААЖ-не кіруге логин мен пароль беру жөнінде эдвайзерге жүгінуге міндетті (эдвайзердің контактілерін БАҚКО қызметкер береді).
  3. Пән бойынша айырмашылық анықталған соң құжат топтамасы, өтініші мен төлегені туралы түбіртегі, сонымен қатар білім алушының оқуға қайта қабылданғаны туралы бұйрық жобасы сканерленген күйде «ARTA» желісі арқылы ЖОО басшылығына  бекіту үшін электрондық түрде жіберіледі.
  4. Қайта оқуға қабылдау бұйрығы шыққаннан кейін БАҚКО қызметкер білім алушыға қызмет нәтижелері туралы ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық мекенжайына хабарлайды.
  5. Қызметті көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні. 
 
Білім алушы БАҚКО-да білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасасуға міндетті.