Құжаттарды беруге өтініш беру
Университет білім алушының талабы бойынша келесі құжаттарды береді:
- білім алушының жеке іс құжаттарының көшірмелерін;
- оқудан шыққан білім алушының құжаттар түпнұсқасын.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де білім алушыларға олардың білім алу кезінде құжаттардың түпнұсқаларын беруге рұқсат етілмейді
Қадамдық іс-әрекеттер:
Құжаттар көшірмелерін беру үшін:
- Білім алушы БАҚКО-ға құжаттардың көшірмесін алуға өтінім жібереді. Өтінімді өзінің жеке деректерін және қажетті құжаттардың көшірмелерін көрсете отырып «Platonus» ААЖ бойынша жібереді.
- БАҚКО қызметкер білім алушының электрондық поштасына оған қажетті құжаттардың көшірмелерін жібереді.
Құжаттардың түпнұсқаларын беру үшін:
- Оқудан шығарылған білім алушы БАҚКО-на құжаттардың түпнұсқасын ұсыну үшін сканерленген өтінішті (кету парағын) жібереді. Білім алушы өтінішін БАҚКО-на факультеттің Е-mail адресіне немесе ЖОО-ның электрондық поштасына жібереді office@kazatu.kz., бұл ретте білім алушының ЖОО алдында қарызы болмауы тиіс (төлем бойынша, кітапхана алдында және т. б.). Кітапхана алдында қарыз болған жағдайда білім алушы кітаптарды пошта арқылы ЖОО мекен-жайына жібереді: 010011, Нұр-сұлтан қ., Жеңіс даңғылы, 62, Кітапхана, немесе кітаптарды кітапханаға қолма-қол тапсырады.
- БАҚКО қызметкер білім алушының қарыздары жоқтығын (кітапхана, бухгалтерия, тәрбие жұмысы департаменті, кафедра) білу мақсатында бөлімшелермен келісу үшін «АРТА» ААЖ бойынша білім алушының өтінішін (кету парағын) жібереді.
- Бөлімшелердің оң келісімінен кейін БАҚКО қызметкер құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушінің тұрғылықты мекен-жайына жібереді немесе өтініш беруші өтініштің түпнұсқасын ұсына отырып, құжаттарды қолма-қол ала алады.
- Қызмет көрсету мерзімі-5 жұмыс күні.