Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Оқудан шығару туралы өтініш беру

Білім алушының оқудан шығу себептері төмендегідей болуы мүмкін:
  1. Білім алушының өз қалауы;
  2. Ішкі тәртіп ережелерін, ЖОО Жарғысын және С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттерінің Ар-намыс кодексін бұзу, сонымен қатар оқу тәртібін бұзу;
  3. Академиялық үлгермеушілігіне байланысты;
  4. Академиялық адалдық принциптерін бұзу;
  5. Білім беру қызметтерін көрсету туралы келісім-шарттың талаптарын бұзу, оның ішінде оқу ақысын төлемегені үшін (келісім-шарт негізінде білім алушылар үшін);
  6. Білім алушы қайтыс болған жағдайда.
 
Білім алушының оқудан шығару туралы өтініші БАҚКО-на әр айдың 1-нен 25-не дейін қабылданады.
Оқудан шығару бойынша толық талаптар С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген, сілтеме https://kazatu.kz/kk/education/akademiyalik-sayasat/
Өз еркімен оқудан шығарылған жағдайда білім алушы университеттің өтініш білдіреді.
 Сонымен қатар білім алушының университет алдында қарызы болмауы керек (оқу төлемі бойынша, жатақхана төлемі бойынша, кітапхана бойынша және т.б.). Кітапхана алдында қарызы болса, онда оқулықтарды Қазпошта арқылы университет мекен-жайына жіберу керек: 000010, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 62; С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ кітапханасы, немесе кітаптарды кітапханаға қолма-қол тапсырады
 Оқу ақысын төлеу немесе жатақхана ақысын төлеу бойынша қарыз болған жағдайда білім алушы қарызды өтеуі тиіс:
ЖОО реквизиті:

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ

010011, Нұр-Сұлтан қ.,  Жеңіс даңғылы, 62.

БИН: 070 740 004 377

ИИК KZ446010111000037373

Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ААФ

БИК HSBKKZKX Кбе 16

 
Қадамдық іс-әрекеттер:
1.Білім алушы БАҚКО-на факультеттің Е-mail адресіне немесе "Platonus"ААЖ бойынша сканерленген өтінішті жібереді.
  1. БАҚКО қызметкер білім алушының өтінішін "АРТА" ААЖ бойынша бөлімше басшыларымен келісу үшін, кітапханамен, тәрбие жұмысы жөніндегі департаментпен, кафедрамен келісуді қоса жібереді.
  2. Оң келісім тапқаннан кейін БАҚКО қызметкер білім алушыны оқудан шығаруға бұйрық жобасын дайындайды.
  3. Оқудан шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін БАҚКО қызметкер қызмет нәтижелері туралы өтініш берушіге ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық поштасына хабарлайды.
  4. БАҚКО қызметкер құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушінің үй мекен-жайына жібереді немесе құжаттарды қолма-қол ала алады.
  5. Қызмет көрсету мерзімі-3 жұмыс күні.