Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Онлайн форматта оқыту

Жаңа оқу жылына дайындық бойынша қосымша шараларды қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №4-14-4/3281-И хаттама негізінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті емдеуші дәрігердің қорытындысы негізінде тәуекел тобындағы білім алушылардан (жүкті, бала емізетін және т.б.) және шетелде виза алуды күтіп жүрген шетелдік білім алушылардан (растайтын құжат негізінде) онлайн форматта оқуға өтініш қабылдайды.
Онлайн форматта оқу үшін білім алушы қажет етеді:
- өтініш жазып және тәуекел тобына жататындығын растау   құжаттын қосу қажет (жүкті әйелде - жүктілік туралы анықтама, бала емізетін әйелдер-баланың туу туралы куәлігі, сырқаты бар білім алушылар-емдеуші дәрігердің анықтамасы, шетелдік білім алушылар-паспорттың көшірмесі);
- өтініштің электрондық нұсқасы мен  және растайтын құжаттарды электронды адреске (БАҚКО-на факультеттің Е-mail адресіне немесе "Platonus"ААЖ) жіберу және растайтын құжаты бар өтініштің түпнұсқасын білім алушыларға қызмет көрсету орталығына (БАҚКО) тапсыру қажет;
- он-лайн режимде академиялық кезең ішінде - оқу материалын уақтылы алуға, зерделеуге, тапсырмаларды орындауға және оларды "тапсырмалар" модулі арқылы, "Platonus" ААЖ ОӘК-не жіберуге; ағымдағы бақылау бағаларын тұрақты түрде тексеруге міндетті, ал академиялық кезең аяқталғаннан кейін қорытынды бақылау бағаларын  тексеру тиісті;
- эдвайзермен және оқытылатын пәндер оқытушыларымен үнемі байланыста болу тиісті.
 
Ескерту:
Білім алушының өтініші растайтын құжатпен бірге білім алушыларға қызмет көрсету орталығында  (БАҚКО) тіркеледі және бұйрық жобасымен бірге ЭҚЖ АРТа бойынша факультет деканына, академиялық мәселелер жөніндегі департамент (АМД) директорына келісуге және Басқарма төрағасының Академиялық қызмет жөніндегі орынбасары - Ректорға бекітуге жіберіледі. Факультет деканы бекітілген бұйрықпен танысады. Факультет деканы білім алушымен байланыс деректері бойынша байланысатын эдвайзерге бекітілген бұйрық пен өтінішті беруге міндетті.