Төленген соманы қайтаруға өтініш беру
Білім алушы төленген соманы қайтаруға өтінішті келесі жағдайларда береді:
- өз қалауы бойынша оқудан шығарылған кезде;
- ваканттық білім гранттарына ауысқан кезде;
- басқа ЖОО-ға ауысқан кезде.
Құжаттар пакеті:
- өтініш;
- жеке куәлік көшірмесі;
- төленген соманың түбіртек көшірмесі;
- банктен 20-сандық шот нөмірінің көшірмесі.
Қадамдық әрекеттер:
- Білім алушы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасының академиялық қызмет жөніндегі орынбасары-Ректор атына жазылған өтініштің сканерленген нұсқасы мен құжаттар пакетін электрондық поштасына accounting@kazatu.kz жібереді.
- Студенттік бөлім бухгалтері білім алушының өтініші мен құжаттар көшірмесін «АРТА» ААЖ арқылы келісімге жібереді.
- Бухгалтерия бөлімшелерінің басшылары келіскеннен кейін қалған соманы білім алушының 20 таңбалы шотына жібереді.
- Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе 20 таңбалы шотта қателер болған жағдайда бухгалтерия бұл туралы білім алушының электрондық поштасына жауап хатта хабарлайды.