Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Студенттердің тәжірибелік дайындығы

Жоо-да студенттердің теориялық білімдерін бекітудің негізі практикалық дайындық болып табылады. Студенттерді практикалық оқыту оқу үдерісінің міндетті бөлігі және оның мақсаты студенттерді өндірістік қызметке дайындау болып табылады. Практиканың міндеттері: практикалық дағдыларды игеру, теориялық білімді бекіту, кәсіби дағдылар мен іскерлікті меңгеру, ұжымда ұйымдастырушылық жұмыс дағдыларын игеру болып табылады. 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Кәсіптік практика жоғары білім берудің оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, өндірістік, дипломалды және педагогикалық болып бөлінеді. Кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің жалпы көлемі түлек шығарушы кафедрада қарастырылған кредиттердің белгілі бір санын құрайды (кемінде 6 кредит). Қажет болған жағдайда университет практикаға бөлінетін кредиттер санын арттыра алады.

Практикалардың ұзақтығы білім алушының тәжірибе барысында 30 сағатқа тең келетін (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына сүйене отырып, апта санымен анықталады. Апта санын есептеу үшін кредит көлеміндегі практика мөлшері сәйкес келетін тәжірибенің еңбексыйымдылығына сай оқу сағаттарында көбейтіледі және бір апта ішінде білім алушының тәжірибедегі жұмыс ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.

Практиканың 1 кредитінің еңбексыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) және зерттеу практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайтындықтан, сәйкесінше практиканың ұзақтығы аптасына 1 кредит болғанда: оқу практикасы – 0,5 аптаны, педагогикалық практика – 1 аптаны, өндірістік практика – 2,5 аптаны және зерттеу практикасы 4 аптаны құрайды.

Практиканың әрбір академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) білім алушының қосымша жұмысының оқу сағаттарының тиісті санымен сүйемелденеді: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.

1.2.Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі және мазмұны стандарттармен, мамандықтардың типтік және оқу жұмыс жоспарларымен және "С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ-ның практикалар бойынша бағдарламаларымен анықталады.

1.3. "С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ-да білім алушылардың кәсіптік практикасы жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады және практика  базасы болып табылатын тиісті ұйымдарда – кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, мекемелерде, ұйымдарда, клиникаларда және мектептерде өткізіледі. Білім алушыларды кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу Басқарма төрағасының практиканың өту мерзімі, практика базасы және практика жетекшісі көрсетілген бұйрығымен ресімделеді.

Қашықтықтан оқыту нысанындағы білім алушылар мамандық бойынша жұмыс істеген жағдайда оқу және өндірістік (технологиялық) практикадан босатылады. Мұндай жағдайда олар университетке тек жұмыс орнынан олардың кәсіби қызметін растайтын анықтама мен мінездеме ұсынады (практикадан өту шарты және практика күнделігі талап етілмейді).

Сырттай оқу бөлімінің білім алушылары дипломалды практикасы бағдарламасын орындайды.

Университет әкімшілігі, кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамы және факультет басшылығы жүйелі түрде практика базаларын кеңейту бойынша жұмыс жүргізеді. Соңғы үш жылда (2017-2020) 2690 кәсіпорынмен және ұйымдармен келісімшарттар жасалды.


С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің кәсіптік тәжірбиелер базасы

2020 оқу жылында С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттерінің тәжірбиенің барлық түрінен өту кестесі