Қосымша білім беру
«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.
Н.Ә. Назарбаев
Қосымша білім беру – үздіксіз білім алудың маңызды қосалқы жүйесінің бірі болып табылады.
Бүкіл өмір бойы білім алу - Болон үдерісінің параметрлерінің бірі. Бұл параметр университетімізде өндіріс мамандарына, колледж оқытушыларына, жоғары оқу орнының профессорлық-оқутышылар құрамы мен білім алушыларына ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсету арқылы іске асырылады.
Қосымша кәсіби білім беру – білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту үдерісі.
Қосымша кәсіби білім берудің негізгі бағыттары:
1) жұмысшылар, қызметкерлер, мамандар біліктілігін технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптарды тұрақты арттыруды ескере отырып арттыру;
2) бұрын алынған кәсіптік білімдер, біліктілік пен дағдыларды тереңдету және жетілдіру;
3) еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кәсіптік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады
Білім алушыларға
Мамандарға және жоғары оқу орны түлектеріне
Колледж оқытушыларына
Профессорлық-оқытушылар құрамына