Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Білім алушылар контингенті

Бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар контингенті 2021-2022 оқу жылының 16 қыркүйекте 11882 адамды құрады, оның ішінде:

- бакалавриат бойынша -  11159 адамды құрады, соның ішінде: қазақ бөлімінде 7341 адам білім алуда. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алатын студенттер саны - 7936 адам (71,1% - студенттердің жалпы санынан), соның ішінде қазақ бөлімінде – 3946 (49,7% - мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студенттердің жалпы санынан) адам. Шет ел студенттерінің контингенті 139 адамды құрады;

- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша оқитындар- 723 адам, оның ішінде магистратура бойынша - 573, PhD докторантура бойынша - 150. Мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылар саны – 592 адам, оның ішінде магистратура бойынша – 448 адам, докторантура бойынша – 144 адам, бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпы контингентінің 81,9%  құрады. Магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша оқыту күндізгі оқу нысаны шеңберінде, үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) жүзеге асырылады.

3 жылдағы деректер талдауына сүйенсек, білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім алушылардың контингенті (1- кесте) 2019 жылдан бастап орта есеппен 9,2% азайды. Бірақ бұл ретте білім беру гранты бойынша білім алушылар контингенті 11,2% өскен.

Қазақ тіліндегі білім алушылар үлесі 2019 жылдан бастап 4,5% өскен.

Контингент қозғалысы. Студенттер қозғалысы СМЖ 02.2040-2020  «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыстар беру тәртібі туралы Ереже» бойынша әртүрлі себептермен оқудан шығарылуына, басқа ЖОО ауысуына, оқуға қайта қабылдануына, қайта оқуға қалдырылуына және академиялық демалыс берілуіне сәйкес жүргізіледі.