Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

СҰРАҚ-ЖАУАП

  1. Қашықтықтан оқыту технология (DOT) жағдайында оқыту туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Анықтамаларды алу жөніндегі барлық ақпарат ЖОО сайтының "БАҚКО" - "Анықтама/транскрипт алу" бөлімінде орналастырылған.

  1. Қашықтықтан оқыту технология (DOT) жағдайында оқудан шығаруға қалай өтініш беруге болады?

Өтініш беру бойынша барлық ақпарат ЖОО сайтының "БАҚКО" - «Оқудан шығару туралы өтініш беру»

  1. Қашықтықтан оқыту технологиясы жағдайында академиялық демалыстан шығуға қалай өтініш беруге болады?

Өтініш беру бойынша барлық ақпарат ЖОО сайтының "БАҚКО" - "Өтінішдерді беру" - " Академиялық демалыстан шығуға өтініш беру"- бөлімінде орналастырылған.

  1. Карантин жағдайында академиялық демалыстан шығуды қалай ресімдеуге болады? 

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасы А.Қ.Күрішбаевтың атына академияқ демалыстан шығу туралы өтініш жазасыз. Аталмыш өтінішті суретке түсіріп университеттің электрондық мекенжайына agun.katu@gmail.com жібересіз. Өтінішпен қоса (академиялық демалыстан шығуға рұқсат) сканерден өткізілген құжатты қоса тіркейсіз. Өтініште міндетті түрде аты-жөні, тегі, тұратын мекенжайы, ЖТН және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс. Университет бойынша бұйрық шыққан соң БҚО маманы телефон арқылы қай топқа оқуға қабылданғаныңызды хабарлайды. Өтінішті қолмен толтырып, қол қойып, мерзімін көрсету керек екендігіне назар аударамыз. Өтініштің түпнұсқасы мен университет медициналық бөлім мөрі бар құжатты карантин аяқталған соң Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына (Ә.Молдағұлова көшесі 29Д, №8 жатақхана, 104 кабинет) өткізесіз. 

  1. Карантин кезінде МАК қорғауға қайта қалай қабылдануға болады? 

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасы А.Қ.Күрішбаевтың атына қайта қабылдану туралы өтініш жазасыз. Аталмыш өтінішті суретке түсіріп университеттің электрондық мекенжайына agun.katu@gmail.com жібересіз. Өтініште міндетті түрде аты-жөні, тегі, тұратын мекенжайы, ЖТН және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс. Университет бойынша бұйрық шыққан соң БҚО маманы телефон арқылы оқуға қабылданғаныңызды хабарлайды. Өтінішті қолмен толтырып, қол қойып, мерзімін көрсету керек екендігіне назар аударамыз. Өтініштің түпнұсқасы мен университет медициналық бөлім мөрі бар құжатты карантин аяқталған соң Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына (Ә.Молдағұлова көшесі 29Д, №8 жатақхана, 104 кабинет) өткізесіз. 

  1. Университет әкімшілігі сабақ өткізу кестесін мейлінше ыңғайлы етіп жасап, кешкі уақытты да тиімді пайдалғанын қалар едік. 

Қазіргі уақытта университет кешкі уақытты да ескерген ұтымды сабақ кестесін әзірледі. Сабақ кестесін университеттің білім беру порталынан көре аласыз. 

  1. Оқу үшін ақы төлеудің жеке кестесі қарастырылуы мүмкін бе? 

Университетте оқу үшін ақы төлеудің ортақ ережесі бар.

Басқарма төрағасының шешімімен растаушы құжаттың көшірмелері болған жағдайда білім алушылардың кей категориясына ай сайын бөліп төлеуге рұқсат етілген:

  • жетімдер;
  • толық емес отбасы (асыраушыдан айырылған жағдайда) мүшесі;
  • көпбалалы отбасы мүшесі;
  • бір отбасынан С.Сейфуллин атындағы ҚАТУда 2 не одан да көп білім алушы оқыған жағдайда;
  • С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ қызметкерінің балалары;
  • Магистратура мен докторантурада оқитындар;
  • мүгедек балалар;
  • ата-анасы-мүгедек;
  • аз қамтылған отбасы мүшесі;
  • қаржылық қиындықтары бар отбасы (ата-анасы жұмыссыз екенін жұмыссыздықты бақылау өкілетті ұйымнан растаушы құжаты болған жағдайда).

Ақы төленетін айдың алдыңғы айының 25 кешіктірмей төлей алатын жағдайда ғана білім алушыға ай сайынғы бөлеп төлеуге рұқсат етіледі. 

  1. Сәлеметсіздер, қашықтан оқытуға көшуге орай оқу ақысы өзгереді ме, әлде сол қалпында қалады ма? 

Қашықтан оқу технологиясына көшуге орай оқу ақысы еш өзгеріссіз қалады, себебі білім беру үрдісі сол режіммен жалғаса береді, бұл қашықтан оқыту технологиясы қолданылған оқытудың күндізгі формасы. Білім алушы қызметтің барлық түрін толық көлемде алады. 

  1. Карантин енгізілуіне байланысты жұмыссыз қалдық, оқу ақысын төлеуді ұзарта аламыз ба?

Бұндай жағдайда төлемді ұзарту білім алушының өтінішіне қарай жекеше түрде қарастырылады.

  1. Сәлеметсіздер, Сіздерге хат жолдаушы 1703 тобының студенті Әлібек Кеженов. Факультетке қатысты маңызды ақпаратты таратуға қатысты топтың ұсынысы бар. Көптеген жаңалықты үшінші бір адамнан, яғни кеш еститін жағдай бар. Бар мағлұматтың кеш жететіні соншалықты, үнемі: «Бұл ақпарды бүгіннен қалдырмай беріңіз» немесе «Бүгін соңғы күн» деген ескертумен келеді. Факультетке ортақ ақпараттық кеңістік, мәселен Telegram арна құрылуы керек деп есептейміз, сол арқылы ақпаратты біржақты таратуға болады. Сұраныс пен талапты орындау мерзімінен кемі бір апта бұрын жіберулеріңізді сұраймыз. 

Студенттердің поштаға шығып отырғаны бізді қатты қуантады. Ұсынысыңызбен келісеміз. Факультеттің телеграмм арнасы бірнеше апта бұрын ашылды. Қосылсаңыз болады. Декан орынбасары мен топ кураторлары ақпарды осы арна арқылы жіберетін болады. 

  1. Менің сұрағым: жатақханада тұратын студенттер демалысқа үйлеріне кетті, кей заттары жатақханада қалып қойды. Ол заттарын карантин аяқталған соң ғана ала алады ма? 

Жатақханадағы барлық бөлме жабық, мөрленген. Заттарды ешкім қозғамайды, сондықтан еш мазаланбаңыз. Карантиннен соң заттарды сақтаулы күйінде ала аласыздар. 

  1. Емтихан алушымен сессия уақытында қалай байланысқа шығуға болады? 

Емтихан алушымен факультет деканы арқылы байланысқа шығуға болады. Факультет деканының телефондары университет сайтында CALL-Центр/орталық бөлімінде жазылған. 

  1. Қайырлы күн. Платонус арқылы емтихан тапсырған кезде құлап қалса қандай әрекет жасау керек? 

Білім алуды даярлау бағытына сай университетте құрылған апелляция комиссиясы емтихан барысында орын алған түрлі даулы мәселені жеке тәртіпте қарастырады. Апелляция өткізу туралы студенттерге арналған жадынама университет сайтында «Қашықтан оқыту» бөлімінің «Білім алушыға нұсқаулық» бөлімшесінде және «PLATONUS» ААЖ «Хабарландыру» бөлімінде толықтай жазылған. 

  1. Емтиханды Платонус арқылы тапсыратын болсақ, дәл сол уақытта бақылану үшін ZOOM арқылы байланысқа шығуымыз керек пе? Студенттің байланыс құралы біреу болған жағдайда не істейміз? 

 «PLATONUS» ААЖ арқылы компьютерлік тест көмегімен емтихан тапсырған студентке ZOOM платформасына шығудың қажеті жоқ. Емтихан «PLATONUS» ААЖ арқылы тапсырылады. 

  1. Ауызша емтиханды қалайша тапсырамыз? 

Шығармашылық пән бойынша ауызша емтихан және сызу пәнінен емтихан ZOOM платформасына шығу арқылы тапсырылады 

  1. Виза не тіркеу мерзімі аяқталған азаматтар не істеуі керек? 

Нұр-Сұлтан қаласында ТЖ жариялануына орай және ҚР КМС көші-қон қызмет отралығының уақытша жабылуына байланысты шет ел азаматтарына виза беру мен тіркеу уақытша тоқтатылды. ТЖ кезеңінде ҚР аймағында виза не тіркеусіз болғаны үшін шет ел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. 

  1. Сәлеметсіздер! Ұлым №5 жатақханадан шықты, өтініш жазған болатынбыз. Ақшамызды қашан қайтарады? 

Студент оқу ақысына төленген ақшаны қайтаруға өтініш жазып, қосымша 20-сандық шот нөмірін және жеке куәлік көшірмесін тіркеу керек 

  1. Қайырлы күн! Киімдеріміз жатақханада қалды, қолды болып кетмей ме? 

2020 жылғы 16-наурызда жатақханадағы барлық бөлме жабылды да, мөрленді. Жатақхана комендантынан өзге адам комнатаға кіре алмайды. 

  1. Мен клуб жетекшісімін, өткізбей қалған іс-шараларымыз көп, оларды қашан өткізе аламыз? 

Өткізілмей қалған барлық шара келесі оқу жылына ауыстырылады. 

  1. Жұмыс істеп жүрген, қазір жұмыссыз қалған (сырттай-қашықтан оқыту формасы) студенттері Egov.kz ақрылы қандай да көмек ала алады ма? 

Сіз Egov.kz онлайн өтініш қалдырыңыз, өтінішіңіз белгілі тәртіппен, белгілі мерзімде қаралады. 

  1. Әскери кафедраға түсу үшін 1-курс студенттерінің медициналық куәландыруы қандай тәртіппен жүргізіледі? 

Елімізде карантин жариялануына орай 1-курс студенттерінің әскери кафедраға түсуі үшін медициналық куәландырылу мерзімі өзгертілді, уақыты қосымша хабарланады. Мерзімі орнаған кезде факультет декандары арқылы бәріне хабарлаймыз. 

  1. Жазылымдық кітапхана электронды ресурстарына қолжетімділікті қалайашады? 

Лицензиялық электрондық ресурстар мен мәліметтер базасына қашықтан қол жеткізу үшін, оқырман билетінің мәліметтерін пайдалана отырып, кітапхана сайтында тіркеуден өту қажет. Толық ақпарат ҚАТУ ғылыми кітапханасының сайтында https://library.kazatu.kz/

      24. 1 триместр қорытындысы бойынша стипендиямнан айырылған болатынмын, ал 2 триместрді "жақсы" және "өте жақсы" деген бағалармен аяқтадым. Алайда сәуір айында стипендия алған жоқпын. Неліктен?

2008 жылғы 7 ақпандағы №116 Білім беру ұйымдарында білім алушыларға  мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу ережесі және мөлшері ережесі негізінде, сонымен қатар ережеге 20.11.2019 және 28.01.2020 жылдары енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес "Мемлекеттік стипендия ай сайын аралық аттестаттаудан (емтихандық сессиядан) және каникулдардан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен демалыс аяқталатын айдың соңына дейін төленеді.  Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты шығарылған күнге дейін төленеді".

Осылайша, егер емтихан сессиясы 10 сәуірде аяқталса, ал демалыс наурыз айында өтсе, онда 2 триместр нәтижелері бойынша стипендия келесі айдан бастап, 1 мамырдан бастап тағайындалады, яғни стипендияны мамыр айының соңында аласыз.

      25. Мен бітіруші курс студентімін, 1 триместр бойынша стипендия алмадым. 2 триместрді "жақсы" және "өте жақсы" деген бағалармен аяқтадым. Алайда сәуір айында стипендия алған жоқпын. Неліктен? Сонымен қатар, стипендия тағайындалған жағдайда қай уақытқа дейін аламын?

2008 жылғы 7 ақпандағы №116 Білім беру ұйымдарында білім алушыларға  мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу ережесі және мөлшері ережесі негізінде, сонымен қатар ережеге 20.11.2019 және 28.01.2020 жылдары енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес "Мемлекеттік стипендия ай сайын аралық аттестаттаудан (емтихандық сессиядан) және каникулдардан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен демалыс аяқталатын айдың соңына дейін төленеді.  Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты шығарылған күнге дейін төленеді".

Осылайша, егер емтихан сессиясы 10 сәуірде аяқталса, ал демалыс наурыз айында өтсе, онда 2 триместр нәтижелері бойынша стипендия келесі айдан бастап, 1 мамырдан бастап тағайындалады, яғни стипендияны мамыр айының соңында аласыз. Бітіруші курс студенттеріне стипендия оқу бітіру туралы бұйрықтың шыққан күніне дейін төленеді.