Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Дала күні - 2021

Дала күні - 2021

2021 жылдың  6 тамыз күні сағат 11:00 ZOOM платформасында  онлайн форматта Дала күні - 2021 іс-шарасы өтеді. Шараның  ұйымдастырушылары «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ мен «Астана Нан» ЖШС болып отыр.

Шараның негізгі тақырыбы - «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясы» ЖШС -нің өндірістік жағдайында жаздық тритикале мен жаздық бидайдың жаңа сорттарын егіншілік технологиялары жағдайына бейімдеу.

Шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі м.а Е.Ш.Қарашүкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.І.Ақсақалов, «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы И.А.Сауэр және ғалымдар мен сала менеджерлері, сондай-ақ  бизнес -құрылымдардың өкілдері , ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады деп жоспарлануда.

Қатысушылар онлайн форматта дәнді және майлы дақылдардың демонстрациялық түрлерімен, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау жүйесімен, ауыл шаруашылығы дақылдарының заманауи отандық сорттарымен және «Астана Нан» ЖШС ауыл шаруашылығы бойынша дақылдарды қорғау жүйелерімен танысады.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылында орналасқан Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы 2020 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрамына кіреді.

Қазіргі уақытта СҚ АШТС ауыл шаруашылығы мен өсімдік шаруашылық саласындағы ірі ғылыми -өндірістік орталық болып табылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандар құру, астық, майлы және жемдік дақылдарды өсіру технологиясын жетілдірумен айналысады.  Қазіргі таңда СҚ АШТС негізінде КАТУ ғалымдарымен бірлесіп ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша ғылыми -зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, СҚ АШТС ҚАТУ студенттері мен магистранттары  оқу -өндірістік тәжірибеден өтуге негіз  болып табылатын бірден бір тәжірибе алаңы.

Сіз Дала күні 2021-ге төмендегі сілтеме бойынша қосыла аласыз - https://zoom.us/j/6350781203?pwd=Ymg2Z2ZCeHF4ckt1N3FTWW9HeldrUT09,

Конференция идентификаторы: 635 078 1203

Кіру коды: 123456

ҚАТУ Баспасөз қызметі

Байланыс: +7 7172 39 57 07