Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

КАТУ -дың ғылыми зерттеулері Израильдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызығушылығын тудырды

КАТУ -дың ғылыми зерттеулері Израильдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызығушылығын тудырды

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма Төрағасы Қайрат Айтуғанов Израильдің Ауыл шаруашылығы және ауылдық даму министрлігінің бас ғылыми қызметкерінің міндетін атқарушы және бас директордың аға инновация жөніндегі орынбасары, доктор Михал Левимен кездесті.

         Кездесуге төрағаның стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Ерлан Нысанбаев, төрағаның ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Исмаил Тоқбергенов қатысты.

         Қ.Айтуғанов университеттің ғылыми - зерттеу бағыты туралы айта келіп, университеттің  еншілес ұйымдары туралы да егжей-тегжейлі баяндап өтті. Соңғы 15 жыл ішінде алғаш рет астықтан рекордтық өнім жинаған СК АШТС-ның мүмкіндіктері зор. Жазғы ауа-райының қолайсыздығы, қатты ыстық пен жауын-шашынның болмауына қарамастан мол өнім жинау, бұл үлкен көрсеткіш. Айта кету керек Израильмен бірлескен жобалар суды ұтымды пайдалану саласында болуы мүмкін, бұл әсіресе құрғақшылық кезеңдерде өте маңызды,- деп атап өтті Басқарма төрағасы.

         -Мен Израильдің Ауыл шаруашылығы министрлігіндегінде ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулерді қаржыландыру мәселесімен де айналысамын. Бізде әр түрлі елдердің ғалымдары мен ғылыми жобаларын қаржыландыру саласында тәжірибеміз мол. Сондықтан да ғылым мен практика - біздің жұмысымыздың басты бағыты, - деп атап өтті  доктор Леви.

         ҚАТУ басқарма төрағасы екі ел арасындағы ынтымақтастық екі жаққа да тиімді болуы мүмкін екенін баса айтты.

         - Бізде көптеген елдердің ғылым жүйесімен тығыз байланыс орынатылған. Сол елдердің барлығымен белгілі бір ғылыми бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілу үстінде. Олардың қатарында тамшылатып суару және жаңартылатын энергия көздері мен энергияны тиімді пайдалану сынды жобалар да бар. Ал біз сіздердің тараптан келіссөздердің нәтижесі қандай болатынын нақты білуіміз керек. Сол үшін де алдағы уақыттарда сіздерге біздің  студенттерді, атап айтқанда, магистранттар мен докторанттарды оқуға қабылдау мәселесі мен КАТУ-дың ғылыми жобаларын сіздің тарапыңыздан қай бағытта қаржыландыруға болатындығын жан-жақты талқылап нақтылауымыз керек. Менің ойымша, бұл сұрақтардың барлығын алдағы болатын кездесулер кезінде толықтай шешетінімізге сенім білдіремін, - деп түйіндеді өз сөзін Қ.Айтуғанов.

         Кездесу барысында аграрлық факультеттің оқытушылары шетелдік қонаққа өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, сауалдарына жауап алды.