Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

Бөлменің санитарлық-гигиеналық жағдайын дұрыс ұстану талаптары

Ас үй-ас тағамдарының аймағы:

  • Жуылмаған ыдыстың, асхана аспаптарының, ас үй жабдықтарының болмауы.
  • Қоқыс ыдыстарға арналған қапшықтың болуы.
  • Қоқысты уақытында шығару.
  • Азық-түлік өнімдерін санитарлық нормаларға сәйкес ұқыпты сақтау (жаднаманы қараңыз)

Тұрғындардың аймағы:

  • Көше  аяқ киімін таза ұстау
  • Оқу құралдарын ұқыпты бүктеу
  • Шифоньерде тасталған заттардың болмауы және ұқыпты жиналған және бүктелген заттардың болуы.
  • Төсек орындардың  эстетикаға сай болуы
  • Терезелерге ұқыпты тегістелген перделер мен  жалюзидің таза болуы
  • Еденде қоқыстың болмауы
  • Бекіту кезінде жиһаз бен қабырғаны бұзбайтын интерьер эстетикалық әшекейінің элементтерінің болуы
  • Бөлмені көгалдандыру.
  • Жиһаздарда шаңның болмауы және жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жұмыстарын міндетті түрде жүргізу. 

Бөлмеде дезинфекцияны қалай дұрыс жүргізу керек? 

*Есік тұтқалары. Сабынмен жуыңыз немесе кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен немесе хлорлы ерітіндімен тазалаңыз). Үйге келгенде, қолыңызды сабынмен жуғанға дейін тұтқаларды жуу керек. Есік тұтқаларын өңдегеннен кейін қолды сабынмен жуыңыз.

* Ажыратқыштар. Антисептикпен салфеткамен сүртіңіз.

* Шкаф тұтқаларын, төсек артын, орындықтар арқасын, үстел, үйді тазалау кезінде оларды сабынмен жуыңыз немесе антисептигі бар салфеткамен сүртіңіз.

* Тұрмыстық техника. Үй тазалау кезінде спирттің негізінде антисептигі бар майлықтармен сүртіңіз.

* Дәретхана керек-жарақтарын (тіс щеткасы, тарақ және т. б.). қосымша спирт негізіндегі антисептикпен тазалаңыз. 

МАҢЫЗДЫ: бөлмені күніне 4-5 рет желдету!

Тұрмыстық химия құралдарын қолдана отырып, бөлмеде ылғалды тазалау жұмысын күнделікті жүргізу. Хлор негізіндегі дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдалану ұсынылады (10 литр суға 1 таблетка).