Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

КОРОНАВИРУС БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Коронавирус дегеніміз не?

Коронавирустар – бұл көбінесе жануарларды зақымдайтын вирустардың тобы, бірақ кейбір жағдайларда адамға берілуі мүмкін. Әдетте коронавирус тудырған аурулар ауыр симптоматиканы тудырмай жеңіл түрде өтеді.

Коронавирустың берілу жолы қандай?

Жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде пайда болатын тамшылар.

Одан басқа, біреу кез келген ластанған заттың үстіңгі бетіне, мысалы, есік тұтқасын ұстаған кезде таралуы мүмкін. Адамдар ластанған қолдарымен ауызын, мұрнын немесе көзін ұстаған кезде жұқтырады.

Бастапқыда өршу жануарлардан пайда болды, болжам бойынша, Ухань қаласында (ҚХР) теңіз өнімдері базарында пайда болды, онда балықтың ғана емес, суыр, жылан және жарқанат сияқты жануарлардың да белсенді саудасы жүрді.

Коронавирустық инфекцияның көзі кім?

Ауру адам немесе жануарлар.

Бұл инфекцияны жұқтыру қайдан пайда болды?

Қытай ғалымдарының дернектері бойынша COVID -19 табиғи резервуары жабайы жануарлар (жарқанат) болып табылады. Адам жұқтырған негізгі орын Оңтүстік Қытай теңіз өнімдерінің көтерме базары болды, онда жабайы жануарлар, оның ішінде жарқанаттар мен бауырымен жорғалаушылар сатып алынды.

Коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері?

Жоғары дене қызуы, бас ауруы, әлсіздік, жөтел, тыныс алудың қиындауы,
бұлшықет ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея.

 Вирус сыртқы ортада тұрақты ма? 

Коронавирус сыртқы ортада тұрақсыз, жоғары температурада өледі және дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға тұрақсыз.

Инфекцияның инкубациялық кезеңі қандай?

Инкубациялық кезең (жұқтыру сәтінен ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-ден 14 күнге дейін, 2-7 күннен жиірек болады.

Коронавирусты жұқтырудан өзіңді қалай қорғауға болады?

  • Ең маңыздысы – қол мен беттердің тазалығын сақтау. Қолды таза ұстаңыз, оларды сабынмен жиі жуыңыз немесе дезинфекциялау құралын пайдаланыңыз.  
  • Сондай-ақ ауызыңызды, мұрныңызды немесе көзіңізді жуылмаған қолмен ұстамауға тырысыңыз (әдетте мұндай ойланбастан ұстау сағатына орта есеппен 15 рет болады).
  • Кез келген жағдайда қолды тазалау үшін қолды дезинфекциялаушы құралды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
  • Әрқашан тамақ алдында қолыңызды жуыңыз.
  • Әсіресе, адам көп орындарда, әуежайларда және басқа да қоғамдық көлік жүйелерінде болған кезде абай болыңыз. Осындай жерлерде орналасқан заттарды және олардың үстіңгі беттерін ұстауды барынша азайтыңыз, бетіңізге тимеңіз.
  • Бір реттік салфеткаларды өзіңізбен бірге алып жүріңіз және жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым мұрын мен аузыңызды жабыңыз, оларды қолданғаннан кейін міндетті түрде жойыңыз.
  • Егер басқа адамдар жалпы орамға немесе ыдысқа саусақтарын салса,  одан тамақ ішпеңіз (жаңғақ, чипс, печенье және басқа да тәттілер).
  • Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша құттықтап, қол қысулар мен беттен сүюден аулақ болыңыз.
  • Жұмыс барысында сіз ұстайтын заттардың үстіңгі беттері мен құрылғыларды (компьютердің пернетақтасы, жалпы пайдаланатын оргтехника панельдері, смартфон экраны, пульттер, есік тұтқалары мен ұстағыштар) үнемі тазалаңыз.

Медициналық масканы қалай дұрыс кию керек?  

  1. Мұрын мен аузыңызды маскамен мұқият жауып, бет пен маска арасындағы саңылауды азайту үшін оны бекітіңіз. 
  2. Пайдалану кезінде масканы ұстамаңыз. Қолданылған маскаға тигеннен кейін, мысалы, оны шешу үшін қолды жуыңыз.  
  3. Маска ылғалды немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ маска киіңіз.
  4. Бір рет қолданылатын маска пайдаланбаңыз. Оларды әрбір қолданғаннан кейін лақтырып, алып тастағаннан кейін бірден жойыңыз.                 

Жаңа коронавирусты емдеуге болады ма?

Иә, әрине. Алайда, суық тиюді тудыратын көптеген басқа да респираторлық вирустардан арнайы ем жоқ секілді жаңа коронавирустан да вирусқа қарсы арнайы препарат жоқ.

Вирустық пневмонияны, коронавирустық инфекцияның негізгі және ең қауіпті асқынуын антибиотиктермен емдеуге болмайды. Пневмония дамыған жағдайда – ем өкпе қызметін емдеуге бағытталған.

Тәуекел тобына кімдер жатады?

Барлық жастағы адамдардың вирусты жұқтыру қаупі бар. Алайда, басқа да вирусты респираторлық аурулардың көпшілігі сияқты, балалар мен 60 жастан асқан адамдар, иммундық жүйесі әлсіреген адамдар- аурудың ауыр өту қаупі аймағында.

Жаңа коронавирус үшін вакцина бар ма?

Қазіргі уақытта мұндай вакцина жоқ, алайда қытай мен бірқатар елдердің ғылыми ұйымдарында оны әзірлеу басталды.

Коронавирустық инфекцияға ұқсас симптомдар болса, қайда хабарласу керек?

Жедел респираторлық инфекция белгілері пайда болғанда немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік болғанда тез арада үйге жедел жәрдем шақыру (103), сондай-ақ 1406,  коронавирустық инфекция мәселелері бойынша call-орталыққа қоңырау шалу қажет.

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ауыр нысандағы жағдайда алдын алу шараларын сақтау (адамдармен қарым-қатынасты шектеу, жөтел этикетін сақтау, маска кию, өзін-өзі емдеумен айналыспау) керек.

Коронавирус пен тұмау вирусы арасындағы айырмашылық неде?

Коронавирус пен тұмау вирусының ұқсас белгілері болуы мүмкін, бірақ олар генетикалық жағынан мүлдем әртүрлі. Тұмау вирустары өте тез көбейеді - симптомдар жұқтырғаннан кейін екі-үш күннен кейін көрінеді, ал коронавирусқа ол үшін 14 күнге дейін қажет.

Үйдегі карантиндегі азаматтар қандай талаптарды сақтауы тиіс?

Үйдегі карантинде болу кезінде қойылатын талаптар: 

  • күнтізбелік 14 күннің ішінде тұрғылықты жерінде міндетті түрде тұрақты болу (үй, пәтер, жатақхана, қонақүй және басқалар);
  • үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде емдеуге жатқызу ұсынылады;
  • тұрғылықты жері бойынша оқшаулау кезінде (күнтізбелік 14 күн) халық көп жиналатын жерлерге баруға тыйым салынады;
  • үйдегі карантин кезінде медицина персоналының іс-шаралары мыналарды қамтиды (күнтізбелік 14 күн): консультациялар және телефон бойынша қоңырау шалу арқылы үйдегі карантинге бақылау жасау;
  • медициналық көрсетілімдер бойынша тамақтан, мұрын-жұтқыншақтан биоматериалды зертханалық зерттеуге алынуы, қажет болған кезде – зерттеудің өзге де әдістері жүргізілуі мүмкін;
  • медициналық көрсетілімдер бойынша (жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері) адам диагностикалау және Қазақстан Республикасының есебінен емдеу мақсатында медициналық ұйымға (бұдан әрі – МҰ) жатқызылады;
  • карантиндегі адам тарапынан режим бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗ!