Сiз сайттың ескi нұсқасында отырсыз. Жаңа нұсқасына ɵту үшiн келесiнi басыңыз

«Сәкен Сейфуллин мұрасы – халыққазынасы»атты әдеби-танымдық кештің кешөтті

2019 жылғы 25 қазанда Техникалық факультетте «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, тар.ғ.к., Л.Т.Джумалиеваның ұйымдастыруымен С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай«Сәкен Сейфуллин мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Шараға Сәкен Cейфуллин мұражайының ғылыми бөлімінің басшысы Мұқият Қойшыбай және бөлім қызметкері Нұрболат Қадыров қатысып сөз сөйледі.

Кеш қонақтары  Сәкен Сейфуллиннің  қызмет еткен еңбегі жайында және қазіргі уақытта қалай зерттеліп жатқандығы туралы өзінің зерттеулерінен құнды мәліметтер берді.

Сонымен қатар, АТТ-1802 оқу тобының студенттері Т.Қуандықова, Р.Жомарт, Ә.Сексенбай, Е.Күшкембаевтар қоғам қайраткерінің өмірі мен атқарған істері жайлы тоқталса, Атамекен үйірмесінің мүшелері Т.Шаймерден, С.Аманжол, З.Туркибаева, М.Шопановалар Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін оқыды.

Студенттер Сәкен Сейфуллин туралы шағын-көрініс арқылы өз ойларын жеткізе білді.         

Іс-шара соңында С. Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне арналған фильмдер көрсетілді.