СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 1 КУРС СТУДЕНТІНЕ ЖАДНАМА
Мемлекеттік білім гранты иегеріне:
- Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау куәлігін https://grant.testcenter.kz/ (ЖСН және ТЖК енгізу арқылы) жүктеп алу.
- Грант арқылы оқуға қабылдау өтінішіңізді электрондық үкімет порталы https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/pass_pryem1 арқылы жеке кабинетіңізден электрондық цифрлік қолтаңбаңызбен кіріп беріңіз, ал кәмелет жасқа толмаған болсаңыз ата-анаңыздың жеке кабинеті арқылы беріледі (25 тамызға дейін).
- Университетіміздің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде https://platonus.kazatu.kz/registration.html тіркелу (25 тамызға дейін).
- Университетіміздің қабылдау комиссиясына құжаттарыңыздың түпнұсқаларын өткізіп, келісім-шартты толтыру (25 тамызға дейін).
Ақылы негізде қабылданатын талапкерге:
- Университетіміздің виртуалдық комиссиясына https://kazatu.edu.kz/assets/i/coo/virtual_priemnaya_20210803_ru.pdf тікелей хабарласуға болады, егер қалаған білім беру бағдарламасы (мамандық) бойынша орын болса, өтінішті беру керек (25 тамызға дейін).
- Университетіміздің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде https://platonus.kazatu.kz/registration.html тіркелу (25 тамызға дейін).
- Университетіміздің қабылдау комиссиясына құжаттарыңыздың түпнұсқаларын өткізіп, келісім-шартты толтыру (25 тамызға дейін).
Барлық оқуға түскен 1 курс студенттері үшін:
-
2021 жылдың 26 тамызында оқуға қабылданған білім алушыларменфакультет деканаты байланысқа шығады. Егер 27 тамызға дейін хабарласпаған болса, https://kazatu.edu.kz/ru/call-centerбайланыс-орталығына қоңырау шалу немесе бақылаушы техникалық хатшыға хабарласу керек (құжаттардың түпнұсқасынтапсырған).
-
Презентациялық апталық 2021 жылдың 26 тамызынан 3 қыркүйек аралығында өтеді.