«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ Болжамы, Миссиясы, Стратегиясы
Батыстық үлгідегі қазіргі заманғы аграрлық зерттеу университетінде трансформациялау мақсатында 2015 жылы КАТУ-дың 2025 жылға дейінгі дамуының жаңа стратегиясы «ҚАТУ-2025» жасалды және бекітілді.
«ҚАТУ-2025» стратегиясы ғылыми кеңестің отырысында 3 маусым 2015 жылы № 20 хаттамасымен мақұлданған, 14 желтоқсан 2015 жылы ҚАТУ директорларының кеңесімен бекітілді.
С.Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Болжамы, Миссиясы, Стратегиясы «ҚАТУ-2025»
Болжамы – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (бұдан әрі – С. ейфуллин атындағы ҚАТУ) өзінің миссиясы мен стратегиясын жүзеге асыра отырып, агроөнеркәсіп кешені саласы және оған қатысты салалар бойынша халықаралық деңгейдегі зерттеу университеті болуға ұмтылуы:
- ғылыми бағыттардың кең ауқымды басым міндеттерін шешуге оң септігін тигізетін бәсекеге қабілетті ғылыми әлеует қалыптастыруы;
- ғылыми зерттеулер нәтижелерін білім беру үдерісінде іске асыруға және терең білім алған әрі алған білімдерін өнеркәсіпте нақты қолдану дағдысы қалыптасқан мамандар даярлауды қамтамассыз ететін бірегей оқу бағдарламаларын жасауы;
- әлемдегі жетекші зерттеу университеттерімен және балама салалы (профильді) ғылыми орталықтармен серіктестік қатынастар орната отырып, әлемдік ғылым-білім кеңістігімен тығыз интеграцияланған зерттеу университеті болуы;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін білім беру үдерісіне белсенді енгізу арқылы технологияларды коммерциализациялау және білім өрісін кеңейтуі;
- Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының арасында корпоративті басқарудың үздік жүйесін құруы.
ҚАТУ миссиясы – өмір сүру сапасын жақсарту, еңбек өнімділігі мен АӨК пен Қазақстанның экономикасының басқа салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін озық білім енгізу, қолдану, ауқымдандыру және генерациялау.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың 2025 жылға дейінгі Стратегиясы
Қазақстандағы ең үздік, халықаралық стандарт жүйесіне сәйкес бірегей оқу бағдарламасы мен академиялық ұтқырлық негізінде алдыңғы қатарлы ғылыми- педагогикалық кадрлар мен мамандар даярлауда оқу түрін, мазмұнын, деңгейі мен мерзімін таңдаудың кең мүмкіндігін ұсынатын жүйе құру болып табылады.
ҚАТУ барлық кезеңде ұйымдармен- ғылыми әзірленімдердің тұтынушылары және түлектерге жұмыс берушілермен қарым-қатынасын бірлесіп алға қойған басым міндеттерден бастап, ғылыми нәтижелерді практикаға енгізгенге дейін барынша дамытады.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың 2025 жылға дейінгі стратегиялық мақсаты:
- Түлектерді оқу бітірген соң мамандығы бойынша үш ай ішінде жұмысқа орналастыру - кем дегенде 60%-ы тәуелсіз ақпарат көздерімен расталуы;
- Web of Science базасы мәліметі бойынша бір жарияланымның сілтеме жасалуының орташа индексін кем дегенде 2-ге жеткізу;
- Жалпы табыс үлесінде (1) ғылыми жұмыстардан кемінде 30%, ғылыми нәтижелер енгізуден (2) кемінде 12,5% болуы;
- Білім бағдарламаларының халықаралық аккредитациясы кемінде 50%-ке жеткізу.
Стратегиялық мақсатты жүзеге асыру келесі міндеттерді шешу арқылы жүргізіледі:
- ҚАТУ-дың автономиялық білім беру ұйымы болып қайта құрылуы;
- Профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік және көмекші персоналдардың жоғары біліктілігіне қол жеткізу және оны қолдау;
- Қазақстан үшін басым бағыттар бойынша озық білім мен технологияны трансферттеу, ғылыми зерттеулерді ауқымдандыру;
- Жұмыс берушілер, отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, профессорлардың жеке ғылыми зерттеулері негізінде әзірленген бірегей білім бағдарламаларын енгізу;
- Түлектерді әлемдік стандартқа сәйкес даярлау және қолжеткізбеген құзыретке көшу мақсатында ағылшын тілді орта қалыптастыру, көптілді білім беруді дамыту;
- Академиялық ұтқырлық және инновациялық жобалар аясында әлемдегі жетекші зерттеу унивеситеттерімен және ғылыми орталықтарымен халықаралық байланысты кеңейту;
- Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың тұрмыс жағдайын және оқу үдерісін жақсарту мақсатында білім беру, ғылыми-зерттеулер, өндірістік-эксперименталды және әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту және модернизациялау;
- Жан-жақты дамыған, креативті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған азаматтық тәрбие жұмыстары мен мәдени жұмыстарды күн тәртібінен түсірмеу;
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың келешегі кемел және көпке үлгі оқу орны екені жайлы қоғамда тұрақты көзқарас қалыптастыру.
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАТУ 2020-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ